Шучинскіде еліміздің солтүстік аймағындағы қылмыстық ахуалды бақылап келген қылмыстық әлемнің беделдісі ұсталды
АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақмола облысының Шортан қаласында қылмыстық әлем беделділерінің бірі ұсталды. Ол еліміздің солтүстік аймағындағы қылмыстық әрекеттерді бақылауында ұстап келген.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, тексеру барысында қолға түскен азаматтың көлігінен «Макаров» тапаншасы мен 1 киләден астам марихуана табылған. «Ал Қызылорда қаласында осы аймақтағы ауылдардың біріне қарулы шабуыл жасау мақсатында келген екі азамат ұсталды. Тексеру барысында олардың екеуінен де атыс қаруы тәркіленді. Қазір ұсталғандардың республиканың өзге аймақтарындағы қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», деді С.Күсетов.