Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды

Тұрғынның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм «кептірілген марихуана», 210 грамм «гашиш», сондай-ақ 17 келі 480 грамм марихуана тұқымы салынған 14 пластикалық ыдыс пен қап табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков тәркіленген 17 келі 480 грамм тұқымнан қылмыскерлер 2 гектарға дейінгі алқапқа марихуана өсіре алатынын атап көрсетті.