Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек АҚШ-та өткен U23 әлем чемпионатында украиналық қарсыласын 11:10 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды. Бұл — Қазақстан әйелдер күресі тарихындағы осы чемпионаттың алғашқы медалі.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз украиналық Снежана Онуфриевамен кездесті.
Тартысты белдесу 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбектің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медаліне қол жеткізді.
Бұған дейін қазақстандық екі балуан АҚШ-та өткен U23 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.