ШҰҒЫЛ: 2012-2013 жылдарға пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі
АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 27 мамырдан бастап Астана уақыты бойынша сағат 2-де 2012-2013 жылдарға арналған пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Оған 150 жұп жолаушылар және қала маңында қатынайтын пойыздар тағайындалған. Олардың ішінде:
- 51 жұп «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойызы;
- 28 жұп ТМД елдерінде құрастырылған жолаушылар пойызы;
- 10 жұп жеке тасымалдаушылардың жолаушылар және қала маңында қатынайтын пойыздары;
- 61 жұп «Қала маңындағы тасымал» АҚ қала маңында қатынайтын пойыз.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары келесідей қатынайтын болады: 13 жұп мемлекетаралық қатынаста, 35 облысаралық қатынаста және 3 ауданаралық қатынаста.
Пойыздар қозғалысының жаңа кестесіне бірқатар өзгертулер енгізілді.
Қосымша 2 пойыз тағайындалды: №363-364 және №151/152. Беларусь Республикасының теміржол әкімшілігі құрастырған «Минск-Алматы-1» қатынасындағы №363/364 пойызы аптасына бір рет жиілікпен қатынайтын болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған «Алматы-2-Петропавл» қатынасындағы №151/152 пойызы ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап күнара қатынайтын болады. Пойыз Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» қазақстандық-испандық бірлескен кәсіпорнының зауытында жасалған «Тальго» жайлы вагондарынан құрастырылған.
Жаңа кесте бойынша «Рубцовск-Защита» орнына «Барнауыл-Лениногорск» «Российские железные дороги» ААҚ құрастырылған №391/392 жолаушылар пойызы тағайындалған.
Маршруттарды оңтайландыру шеңберінде «Алматы-Атырау» қатынасындағы №29-30 жолаушылар пойызы тоқтатылып, «Алматы-Атырау» қатынастағы №41-42 күнделікті қатынайтын пойыз тағайындалды.
«Қарағанды-Семей» қатынасындағы №311-312 пойызының құрамында «Балқаш-Семей» екі тіркеме (1 купелі, 1 плацкартты) вагонның қатынауы тағайындалды.
Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірге жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қозғалыс жылдамдығы ұлғайтылған және сәйкесінше мына пойыздардың жол жүру уақыты азайтылды: «Астана-Алматы» қатынасындағы №9/10, «Астана-Атырау» қатынасындағы №47/48, «Маңғышлақ-Астана» қатынасындағы №37/38, «Алматы-Маңғышлақ» қатынасындағы №377/378.
Жазғы кезеңде жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта төрт күнде бір рет қатынайтын «Астана-Санкт-Петербург» №39/40, «Қарағанды-Мәскеу» №83/84, «Павлодар-Пресногорьковская» №339-340 жолаушылар пойыздарының қатынау жиілігі күнара болып өзгертілді.
Сонымен бірге, 2012 жылдың шілде, тамыз айларына қатынау жиілігі аптасына екі рет «Астана-Адлер» қатынасындағы №483/484 маусымдық пойыздың қатынауы қосымша тағайындалады.