ШҰҒЫЛ: 906 млн.теңгені ұрлады деп айыпталған Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы басшыларының ісі сотқа тапсырылды
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бюджеттен топографиялық-геодезикалық және картографиялық өнімге, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Теңіз картасын құруға бөлінген 906 млн.теңгені ұрлады деген айыппен Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы төрағасы Ө.Өзбеков,
оның орынбасарлары Б.Нақыпбеков пен А.Жампейісов, сонымен қатар Агенттіктің және ведомствоға қарасты басқа да лауазымды тұлғалар ісі сотқа тапсырылды.
Қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін Атана қаласының Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданды. Бұл жайлы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес (қаржа полициясы) агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.