ШҰҒЫЛ ақпарат: Қайрат Лама Шариф ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағалығына Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифті тағайындау туралы Қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағалығына Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифті тағайындау туралы Қаулыға қол қойдым», - деп жазған Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz , сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov .