ШҰҒЫЛ ақпарат: Шыңжанда 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болды
БЕЙЖІҢ. 8 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін таңертең Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болды,
деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық қызметі.
Жерасты сілкіністері Бейжің уақыты бойынша 9 сағат 53 минутта ҚХР ШҰАО Турфан округының Токсун уезінде тіркелді. Зардап шеккендер мен бұзылулар туралы мәлімет жоқ.
Токсун уезі Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімшіден 160 шақырым солтүстікте орналасқан.