ШҰҒЫЛ: АҚШ-та ерлі-зайыптылар Қазақстаннан асырап алған балаларын зорлауға айыпты деп танылды
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Американың Массачусетс штатындағы ерлі-зайыптылар Қазақстаннан асырап алған балаларының зорлануына айыпты деп танылды. Алқа билер прокуратураның дәлелдерімен келісті. Енді судьялар жаза мерзімі жөнінде ақтық шешімді қабылдауы тиіс, деп хабарлайды РБК.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, айыптаушы жақ 50 жастағы Джозеф Майотт және оның 49 жастағы әйелі Линда Қазақстаннан екі баланы әдейі жыныстық құмарларын қанағаттандыру мақсатында асырап алғанын дәлелдеп шықты. Дж.Майотт 8 жасар асыранды қызын зорлаған, ал оның әйелі 13 жасар ұл баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.
Оқиға, тіпті, Л.Майотт асыранды ұлынан бала көтергенге дейін жеткен.
Дж. Майотттың қорғаушысы асыранды қыздың барлық айтқан сөздері ойдан шығарылған деп сендіруге тырысты.
Линда Майотт қамауға алынған сәттен бастап төртінші рет өз-өзіне қол жұмсауға әрекет еткен,қазір ол ауруханаға жатқызылды.