ШҰҒЫЛ: Алматы қаласында полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалды, бір қызметкер мерт болды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін 9 сағат 20 минут шамасында Алматы қаласының Бекмаханов көшесінде белгісіз біреулер қаланың осы ауданында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады.
None
None

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз-қызметі хабарлайды.

Шабуыл нәтижесінде бір полиция қызметкері сол жерде қайтыс болды және тағы біреуі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 96 бабымен (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды, жедел-тергеу тобы құрылды.

Алдын ала деректер бойынша, қылмыскерлер жәбірленушілердің табельдік қаруларын иемденген.

Оқиға болған жерді қарау және басқа да күттірмейтін тергеу әрекеттері, сондай-ақ қылмыскерлерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар