ШҰҒЫЛ: Алматы облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Кеше, 23 қыркүйекте сағат 23:00-де Талдықорған әуебазасының СУ-27 әскери ұшағы радардан жоғалып кетті.
Апатқа ұшыраған ұшақ іздестіру барысында түнгі сағат бірде Көксу ауданындағы Жаңалық ауылынан 15 шақырым жерден табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ұшқыш қаза тапты.
Іздестіру жұмыстарына ТЖ күштері мен полиция жұмылдырылды.