ШҰҒЫЛ: Алматы облысында бірден төрт көлік соқтығысты, бес адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Самсы ауылында, Алматы-Бішкек тас жолының 74-ші шақырымында сәрсенбі күні сағат 15:00-де тіркемесі бар «Вольво» жүк көлігі мен «ВАЗ» автомашинасы соқтығысты.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұдан кейін «Вольвоның» тіркемесі тағы екі көлікпен - «Ауди» және «УАЗ»-бен түйіскен.
Жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ» көлігінің жолаушылары - екі әйел оқиға орнында мерт болды; ауруханада «Ауди» көлігінің жүргізушісі, оның бір жолаушысы мен «ВАЗ» көлігінде болған тағы бір әйел көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарын алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.