ШҰҒЫЛ: Алматы прокуратурасы 8 газет пен 23 интернет-ресурсты сотқа берді
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласының прокуратурасы отандық және шетелдік бірқатар БАҚ-қа қатысты сотқа арызбен жүгінді.
Бұл туралы ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. Оның атап өтуінше, прокуратура 8 газет пен 23 интернет-ресурсын бірыңғай «Республика» бұқаралық ақпарат құралы деп тану және оның шығарылуына және Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы, «Взгляд» газетінің және оны қайталайтын интернет-ресурстардың шығарылуына және Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы сотқа жүгінген.
Сонымен қатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралы - «К+» телеарнасының және оны қайталайтын интернет-ресурстар өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы, шетелдік бұқаралық ақпарат құралы - «stan.tv» интернет бейнепорталының өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында таратылуына тыйым салу туралы сотқа арыз берген.