ШҰҒЫЛ: Алматы ресми түрде 2017 жылғы 28-қысқы Универсиада астанасы болып жарияланды

ЮССЕЛЬ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Алматы ресми түрде 2017 жылғы Бүкіләлемдік 28-қысқы универсиада астанасы болып жарияланды.
None
None

Бұл туралы Брюссельде Университет спорты халықаралық федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Гальен дауыс беру қорытындысын жариялағаннан кейін белгілі болды.

Халықаралық спорт шенеунігі атап өткендей, ол Алматының 2017 жылғы қысқы Униваерсиада өткізуге кандидатурасын жан-жақты қолдаған, өйткені бұл қалада мұндай халықаралық спорт жарыстарын өткізуге үлкен мүмкіндіктер жасалған. «Дегенмен универсиада - екі апталық қана шара емес. Ойындарды өткізуге үлкен даярлық жұмыстарын жүргізу қажет. Болашақта сіздер Универсиада жемістерін ұзақ жылдар бойы пайдаланатын боласыздар, одан әрі қысқы олимпиадалық ойындар өткізуге ілгері жылжи аласыздар», - деді К.Гальен.

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закирьянов Универсиаданы өткізу Қазақстанда студенттік спортты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті. «Бұл сонымен қатар Қазақстанда бұқаралық балалар және жасөспірімдер спортын дамытуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Өз кезегінде олимпиада чемпионы, шаңғы спортынан төрт дүркін әлем чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Смирнов Алматының жеңісі өте маңызды болды, өйткені біздің еліміз биыл республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді, деп атап көрсетті.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен Алматының таныстырылымы оңтүстік астананың 2017 жылғы студенттік олимпиада сияқты осындай ірі спорттық шараны қабылдай алатынын көрсетті, деп атап көрсетті.

Оимпиадалық ойынынан кейін ауқымы жағынан екінші спорттық шараны өткізуге екі қала - Алматы мен Тренто (Италия) үміткер болған еді. Алайда Алматының көрініп тұрған артықшылығына, сондай-ақ экономикалық дағдарысқа байланысты Италия үкіметі өз кандидатурасын алып тастауға шешім қабылдады. Сөйтіп, Алматы бәсекелестер болмағандықтан 2017 жылғы 28-қысқы Универсиада астанасы атанды.

Соңғы жаңалықтар