ШҰҒЫЛ: Алматыда белгісіз біреулер екі полиция қызметкерін өлтіріп кетті - ІІД

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Кеше кешке Алматы қалалық ІІД жедел басқару орталығына екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат келіп түсті.
None
None

Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем жөнелтілді, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Б.Момышұлы мен Саин көшелерінің арасында Райымбек даңғылы бойында үлгісі анықталмаған қарудан жарақат алып, қансырап жатқан екі полиция қызметкері табылады. Олардың біреуі - полиция старшинасы Мақсат Дабылов алған жарақатынан сол жеде қаза тапса, оның әріптесі - полиция старшинасы Ғалымжан Әбдіров жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Аса ауыр қылмыстың басқа да жағдайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар