ШҰҒЫЛ: Алматыда қатты дауыл болды

АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Бүгін Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауып, қатты дауыл болды. Жаңбыр кезінде байланыс үзілді.

ШҰҒЫЛ: Алматыда қатты дауыл болды

Желдің қатты соққаны соншалық, қаланың бірқатар аудандарында ағаштарды құлатты. Жарнама қағаздары жыртылған. Қазіргі кезде байланыс және электр қуаты үзілген.