ШҰҒЫЛ: Алматыда өзінің қызметтік кабинетінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы бастығының мүрдесі табылды
АСТАНА. 31 қаңтар.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында сағат 20.00-де өзінің қызметтік кабинетінде тіршілік белгісі жоқ, оқтан жараланған ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің мүрдесі табылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша, Т.Есетов өзіне өзі қол салған. Оқиға орнында әскери прокуратура өкілдерінің басшылығымен тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде.