ШҰҒЫЛ: Алматыда «Риксос» қонақүйінен жоғары жерде бірнеше көлік жанып жатыр

АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Қабанбай батыр (бұрынғы Калинин) - Сейфуллин көшелерінің қиылысында «Риксос» қонақүйінен жоғары жерде бірнеше машина жанып жатыр.

ШҰҒЫЛ: Алматыда «Риксос» қонақүйінен жоғары жерде бірнеше көлік жанып жатыр

Алдын ала болжам бойынша, Сейфуллин көшесінде тұраққа қойылған жанармай таситын көлік жарылған. Тәртіп сақшылары көшелерді төрт жақтан қоршады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 өрт сөндіру көлігі тартылған. Жұртты тұрғын үйлердің маңына жолатпауда.

Апат маңында қаңтарылған көліктердің тағы екі жарылысы орын алып, әзірге өртті ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Зардап шеккендер мен адам шығыны туралы еш мәлімет жоқ. Жақын маңдағы № 149 балабақшадағы балалар «Динамо» стадионының аумағына шығарылды.