ШҰҒЫЛ: Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 163 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жанындағы «Алматы қалалық құтқару қызметі» МҚКК «ҚР БҒМ ҒК-нің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің жедел хабарламасына назар аудартады.

ШҰҒЫЛ: Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 163 шақырым жерде жер сілкінді

28 қарашада, Алматы уақыты бойынша сағат 11:30-да жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 163 шақырым жерде орналасты. Магнитудасы 5,3 балды құрады.

 Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша 3 балдық жер сілкінуі сезілді.

 Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.