ШҰҒЫЛ: Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың жұбайы іздеуге жарияланды - ҚР қаржы полициясы

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың әйеліне іздеу жарияланды, деп хабарланды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен.

ШҰҒЫЛ: Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың жұбайы іздеуге жарияланды - ҚР қаржы полициясы

«Храпунова (Даниярова Бекетова) Лейла Қалибекқызы, 19.12.1958 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, ұлты - қазақ, ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлімі, «а,б» тармағы, 193-бабы, 3-бөлімі, «б,в» тармағы, сондай-ақ 235-бабы, 1-бөлімінде (Алаяқтық) көрсетілген қылмыстарды аса ірі көлемде жасағаны үшін айыпталуда. Іздеу салынған күдікті анықталғанда (ұсталғанда) немесе оның орналасуы мүмкін жері туралы қандай да бір ақпарат алынған жағдайда Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне хабарлауды сұраймыз», - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған хабарламада.