ШҰҒЫЛ: Ан-72 ұшағы апатқа ұшыраған жерден қара жәшік табылды

ШЫМКЕНТ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шымкент түбінде болған авиаапатының себептерін анықтау үшін ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков басқарған арнайы комиссия құрылды.

ШҰҒЫЛ: Ан-72 ұшағы апатқа ұшыраған жерден қара жәшік табылды

Бұл туралы бүгін Шымкенттегі арнайы брифингіде белгілі болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бортында 27 адам болған Ан-72 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ішкі қызметтік тесеру жүргізілуде.

Оқиға орнынан қара жәшік табылды. 1990 жылы шығарылған ұшақтың сынықтары диаметрі 50 метр жерге шашылған. Жоспарлы рейс атқару үстінде ұшақ жантая ұшып, қыратқа соғылғаны атап өтілуде.

Апаттың бірнеше нұсқалары қаралуда. Негізі себептер - ауа райы жағдайы, адами фактор. Апаттың нақты себебі қара жәшік мәліметтерін талдаудан кейін анықталады.

ВИДЕО "Қазақстан" телеарнасы:  

Қаза болғандардың тізімі -
осы жерде.

Қаза болғандар тізімі:
Экипаж командирі - майор Нұрахметов Марат Тұрсынұлы;
Штурман - майор Голубев Олег Александрович;
Аға бортмеханигі - капитан Үсенов Марат Еркенұлы;
Командирдің көмекшісі -аға лейтенант Лұқпанов Аслан;
Аға бортмеханигі - прапорщик Вологжанин Александр Петрович;
Аға бортмеханигі - сержант Мысаев Ренат Қанапияұлы;
Бортсерігі - сержант Доланбаева Гүлнұр Жүнісқызы;
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы;
ШҚ Бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Нұрлашев Ерғали Нұрғазыұлы;
«Оңтүстік» өңірлік басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Доценко Павел Михайлович
«Оңтүстік» ӨБ бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат Күлкешұлы
ШҚ бөлімінің бастығы полковник Қабдылғазезов Қанатбек Тоқтарбекұлы
ШҚ басқармасының бастығы полковник Махаев Ерлан Мейрамбекұлы
ШҚ аға консультанты подполковник Дмитриев Александр Игорьевич
«Леңгір» шекаралық бақылау бөлімі штабының бастығы подполковник Кущь Валерий Николаевич
Жеке инженерлік-саперлік батальоны командирі Қожахметов Бауыржан Зарқымұлы
«Меркі» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы майор Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы
ШҚ күзет және қамтамасыз ету комендатурасының коменданты Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы

«Оңтүстік» ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:
подполковник Рахман Вячеслав Александрович
подполковник Мұхамадиев Қайрат Ахметқалиұлы
подполковник Шұқанов Аманбек Пердешбекұлы
подполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы

ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:
подполковник Рахман Александр Александрович

«Оңтүстік» ӨБ әскери қызметшілері:
аға лейтенант Филипко Анатолий Олегович
аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы
кіші сержант Вязиков Павел Константинович
Стамбекова Сәуле Айтмұханбекқызы