ШҰҒЫЛ: «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашыларға ескерткіш Үшаралда барлық тексеру шаралары аяқталған соң орнатылады

ҮШАРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» қосынында қаза тапқан шекарашыларға ескерткіш Үшаралда барлық тексеру шаралары аяқталған соң орнатылады.
None
None

Бұл туралы кеше ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті.

«Ескерткішті осы жерде, Үшаралда барлық тексеру амалдары аяқталып, қаза тапқандардың ата-аналары құжаттармен танысқаннан кейін орнатамыз. Былайша айтқанда осы оқиғаға нүкте қойылған кезде ескерткіш орнатылатын болады», - деді Т. Стамбеков.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін «Арқанкерген» қосынында шекарашылар қаза тапқан  жерде әскери қызметтерін атқарған шекарашылардың құрметіне ескерткіш тақтасы орнатылатын болады. Тас қалауға марқұмдардың ата-аналары қатысады.Олар Үшаралға 26 шілде күні келді. Бұл шара біткенен кейін Үшарал қаласының ҚР ҰҚК ШҚ №2484 әскери бөлімінде ас беріледі.

Естеріңізге сала кетейік,  30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы Үшарал шекара жасағы «Сары бөктер» заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимаратын көрген. Тексеру барысында жанып кеткен 14 адамның, оның ішінде бекет жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының мәйіті табылды. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах оларды өзінің өлтіргенін мойындады. Тергеу  бойынша оны «қылмысқа ішкі қақтығыс, есінің түсіндіруге келмейтін күйде болуы итермелеген».

Соңғы жаңалықтар