ШҰҒЫЛ: «Арқанкерген» шекаралық бекетіндегі байланыстың болмағанын жасырған «Сары бөктер» заставасының бастығы қамауға алынды
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - «Сары бөктер» шекаралық заставасының бастығы Алексей Фоминге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«А. Фомин биылғы мамырдың 28-мен 30-ы аралығында «Арқанкерген» шекаралық бекетімен байланыстың болмағанын қасақана жасырғаны және оның себептерін анықтау мен қалпына келтіру бойынша шара қолданбағаны үшін айыпталуда», - деп атап өтті ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, А. Фомин сот санкциясымен қамауға алынды. «Оқиға болған жерге жақын аудандарда тергеу, іздеу шаралары жалғасуда», - деп атап өтті Н. Сүйіндіков.