ШҰҒЫЛ: Астана әкімдігі 8 қаңтар күні қалада жарық сөндірілетіндігін ескертеді
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін елордада 4 орамда электр энергиясы жоспарлы түрде уақытша сөндіріледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«051 қызметінің» ақпаратына сәйкес «АЭТК» АҚ желісі бойынша Заречный елді мекенінде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, Сейфуллин-Сарыарқа-Омаров-Пионерская орамында сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, Республика даңғылында сағат 14:30-дан 17:00-ге дейін жарық өшіріледі.
Аталған аудандардың тұрғындары жарықтың өшетіндігі жайында хабарландырылған.
«051 қызметінің» ақпараты бойынша, бүгін сағат 10:00-ге дейін қалада ірі апаттық оқиғалар тіркелген жоқ.