ШҰҒЫЛ: Астана әкімі қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттайтындығы туралы қауесетті жоққа шығарды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің жеке блогына хат жазған тұрғынның сұрағына жауап бере отырып, елордадағы қоғамдық көлікте жолақысы қымбаттайтындығы туралы қауесетті жоққа шығарды.
None
None

«Астананың қоғамдық көліктерінде тарифтер өсірілетіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазды ол өз блогында.

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының ақпараттандыруынша, жолаушыларды қала бағыттарымен тасымалдауды қазіргі кезде сегіз көлік кәсіпорны жүзеге асыруда. Бұл ретте күн сайын жолға 778 автобус шығады, оның 585-інің - сыйымдылығы үлкен, 192-сі - орташа. Қалалық бағдарлардың ұзақтығы жалпы алғанда 2 442 шақырымды құрайды, олар бойынша күн сайын 515 мыңға дейін жолаушылар тасымалданады.

Ағымдағы жылдың басынан бері жолаушылар көлігі кәсіпорындары 83 жаңа автобусты сатып алды. Биылғы жылдың аяғына дейін қосымша 20 автобусқа дейін сатып алу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар