ШҰҒЫЛ: Астана қаласындағы басты көшелердің бірі 3 күнге жабылады

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Жол үстінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бүгін, сағат 21.00-де Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде Кенесары көшесі бойынша көлік қозғалыс жабылады.
None
None

Көлік қозғалысы жол-жөндеу жұмыстарынан кейін, яғни 14 мамырда сағат 06.00-де ашылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 Бұл учаскеде қызмет көрсететін №1 және №17 автобустар Кенесары көшесі - Жеңіс даңғылы, Абай көшесі - Сарыарқа даңғылы бойымен жүретін болады.

Соңғы жаңалықтар