ШҰҒЫЛ: «Астана» шабандозы «Формула-3» жарысының жеңімпазы болды

Бұл жолы Қазақстан командасы атынан халықаралық спорт аренасына шығып жүрген Astana Prema Powerteam командасының шабандозы Даниэль Джункадэлья еуропалық «Формула-3» жарысында биікке көтерілді. Бұл туралы Astana Racing Team командасының баспасөз қызметінен хабарланды.
Айта кетейік, аталған жарыс 4 мың 574 метр болатын немістің «Хоккенхаймринг» трассасында өткен еді. Еуросессия мен Еуропа чемпионатындағы өзінің алғашқы жеңісіне «Хоккенхаймринг» трассасында қол жеткізген Даниэль Джункадэлья қазіргі таңда чемпионаттың алдын ала турнирлік кестесінде жалпы 50 ұпайлық көрсеткішпен көш бастап келеді. Ол Карлоса Сайнс (Carlin) пен Феликса Розенквистті (Mucke Motorsport) басып озып, мәрені бірінші болып кесіп өтті.
Жалпы Халықаралық автоспорт федерациясымен өткізілетін «Формулы-3» жарысы «Формулы-1»-дің даярлық класы болып табылады.