ШҰҒЫЛ: Астана «су астында» - тасқын елорданың орталық көшелерін басып қалды ФОТО)

ШҰҒЫЛ: Астана «су астында» - тасқын елорданың орталық көшелерін басып қалды ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бірнеше сағатқа созылған нөсер жаңбыр жолдарды су астында қалдыды

Аса күшті жаңбыр 5 сағаттан бері тоқтаусыз селдетіп тұр. Мол су көлік жүрісін қиындатты. Атап айтқанда, Б. Момышұлы даңғылынан Дарабоз көшесіне дейін: Оқушылар сарайы маңында, Байтұрсынов көшесі -Тәуелсіздік, көпірге шығар жол. Бұл жерлерде жол полициясы осы учакелердегі қозғалысты реттеуде.

Астанада көлік кептелісі байқалуда, елорданың кей жерлерінде баағдаршамдар жұмыс істемейді, көлік қозғалысы қолдан реттелуде.

Жолдың жабылған тұстарында негізінен тек сол маңайда тұратын адамдардың автомобильдері жіберілуде. Мұхтар Холдорбековтың фотосы