ШҰҒЫЛ: Астана тұрғыны Жаңа жылда лотереядан 106 млн.-нан астам теңге ұтып алды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Астаналық тұрғын, «Супер Лото» лотереясының ойыншысы Жаңа жылда өзіне тамаша сый жасады.

ШҰҒЫЛ: Астана тұрғыны Жаңа жылда лотереядан 106 млн.-нан астам теңге ұтып алды

2-4-10-23-30-32 комбинациясын дұрыс атаған билет иегері 106 430 977 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алады, деп жазылды лотереяның сайтында.

Бұл, бұған дейін ойнатылған жоғары сомалардың бірі. Естеріңізге сала кетейік, 2 жыл бұрын Алматылық тұрғын, «Супер Лото» лотереясының ойыншысы 155 млн. теңге ұтып алды, бұл 1 млн. долларға артық. Бүгінгі күні бұл қазақстандық лотерея тарихындағы 2 рекордты ұтыс.

Ірі ақшалай ұтыс ойнатылғанымен, «Супер Лото6/35» ойынының келесі джекпотының ең аз сомасы - 20 млн. теңгені құрайды.