ШҰҒЫЛ: Астана және Ақмола облысында боранға байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Астана және Ақмола облысында боранға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
«23-25 қараша аралығында Ақмола облысының бірқатар аймақтарында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі
Астанада 23 қазан күні күндіз, 24-25 қараша күндері бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал», - делінеді хабарламада.