ШҰҒЫЛ: Астанада 27 жастағы әйел мен 4 жасар бала өртте көз жұмды

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Астанада уақытша тұруға арналған тұрғын үйде болған өрттің салдарынан бір әйел мен бала қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Бүгін таңертеңгі сағат 06:10-да Астана қаласының «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында жекеменшік тұрғын үйдің аумағында орналасқан уақытша баспана өртенді. Жалын тілі 80 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 27 жастағы әйел мен 2008 жылғы баланың мүрделері табылды.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар