ШҰҒЫЛ: Астанада 5-9 сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

ШҰҒЫЛ: Астанада 5-9 сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылды

Бұл туралы "169" анықтама қызметінен хабарлады.

Еске салайық, ҚР ТЖМ ауа температурасының төмен болуына байланысты 12, 13, және 14 желтоқсан күндері қала мектептерінде бірінші және екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтатқан болатын.

Осы уақытта Астанада -30 градус аяз тұрғандықтан сабақтар қосымша 5-9 сынып оқушылары үшін де тоқтатылды. 

Айта кетейік, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың  қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында  1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін)  - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.     

Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

- «31 - канал»  теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін) беріледі;

- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден - 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

- ата- аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне  хабарласуға болады.