11:54, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Астанада автобуспен соқтығысып, 4 адамды бақилық еткен кранды көліктің жүргізушісі қамауға алынды
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада 4 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасында автобуспен соқтығысып қалған кранды көліктің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, жексенбі, 5 тамыз күні Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында кранды көліктің 29 жасатағы жүргізушісі Күмісбеков көшесіне қарай бұрылыста ішінде 30 адам болған № 36 бағдарлы жолаушылар автобусымен соқтығысып қалды.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, түрлі дәрежедегі жарақаттар алған жолаушылардың бір бөлігі қалалық ауруханаларға жеткізілді, оқиға орнында медициналық көмек алған қалғандары үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта кранды көліктің жүргізушісі Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.