ШҰҒЫЛ: Астанада екі жолаушылар автобусы соқтығысты, зардап шеккендер бар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада екі автобус соқтығысты, жүргізушілердің бірі және бес жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

ШҰҒЫЛ: Астанада екі жолаушылар автобусы соқтығысты, зардап шеккендер бар  - ҚР ТЖМ

Дүйсенбі, 4 ақпан күні Астанада Кенесары және Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Hunday» маркалы №37 және №38-ші бағдарлық екі автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір автобустың жүргізушісі мен бес жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Орталық өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.