ШҰҒЫЛ: Астанада ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздың астында қалып, қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы Қырықыншы стансаның аумағындағы теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адам «Петропавл-Алматы» бағытында қатынайтын «Тальго» электрпойызының астында қалып қаза тапты. Әзірге марқұмның мәліметтері анықталуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

ШҰҒЫЛ: Астанада ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздың астында қалып, қаза тапты

Сондай-ақ кеше елордада тағы екі бірдей төтенше жағдай орын алды. Бірі - Брусиловский көшесіндегі жер үйдің қасындағы моншадан шықты. 6 шаршы метр аумаққа жайылған отты ауыздықтауға 10 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Ал өрт кезінде иіс тиген 1985 жылы туған А.Бәкіжанова ауруханаға жеткізілді.

Бұған қоса, Интернациональный кентіндегі үйлердің бірінде пештің істен шығуы салдарынан екі адам аурухағанаға жатқызылды. 1970 және 1997 жылы туған қос азамат газдан уланып қалған.