ШҰҒЫЛ: Астанада М. Дулатов көшесіндегі цех өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Дулатов көшесінде сағат 16-58-де өрт шыққаны туралы хабар түсті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Твиттер» әлеуметтік желісінде жазды.
None
None

Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, бетон өнімдерін шығаратын цех шатыры өртке оранған. Болжам бойынша 290 шаршы метрді жалын шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 арнайы техника, 35 жеке құрам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша өрттен зардап шекккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар