ШҰҒЫЛ: Астанада Министрліктер үйінде өрт болды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада Министрліктер үйінде өрт шықты.

ШҰҒЫЛ: Астанада Министрліктер үйінде өрт болды

Бұл жайлы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.  Өрт туралы хабар Министрліктер үйінің №13 кіреберісінен түскен. Өрттің шығу себептері мен көлемі әлі анықталған жоқ.  Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 13 кіреберістің жертөлесінен шыққан. Қызметкерлер шұғыл түрде сыртқа шығарылды. Өрт толығымен сөндірілді.