ШҰҒЫЛ: Астанада «Мирас» мектебі өртенді, 500 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада «Мирас» мектебі өртенді, 500 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бейсенбі, 21 ақпан күні Астанадағы Күйші Дина көшесінде орналасқан «Мирас» мектебінің информатика кабинетінен өрт шықты. Жалын жарты сағаттан кейін сөндірілді. Өрт 30 шаршы метр аумаққа тарады. Мектептен 500 адам (285 оқушы мен 115 қызметкер) қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртпен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 40 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Жамбыл облысының Қызыл Қайнар ауылында жаңадан салынып жатқан үйде өрт болды. Жалын 210 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖ салдарынан 72 жастағы зейнеткер күйік жарақаттарын алып, ауруханаға түсті.

Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-нің 12 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар