19:24, 31 Шілде 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Астанада нөсерлі жаңбырдың салдарынан 2 адам мерт болып, тағы 3-еуі жарақаттанды
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Елордада нөсер жаңбыр мен қатты жел елордалықтардың зәре-құтын алды. Дауыл салдарынан 2 адам мерт болып, 3 адам жарақаттанды.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Бибігүл Есмағанбетованың айтуынша, қазіргі уақытта қала бойынша 3 төтенше оқиға тіркелген.
Атап айтқанда, Абылай хан көшесі бойындағы тұрғын үйге кран құлаған. Абырой болғанда төтенше оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек тұрғын үй айтарлықтай зақымданды.
«Қайғылы оқиға Заречный ауылында орын алып, өкінішке қарай бір адам қаза тапты. Сонымен қатар «Мотив-НС» ЖКС-нің аумағында кран құлап, 1 адам қаза тапты, тағы екі жұмысшы зардап шекті», - деді.
Оның атап өтуінше, 112 қызметіне қала тұрғындарынан көптеген қоңыраулар түсуде. «Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, 70-тен астам қоңырау келіп түсті. Жедел ақпараттар өңделуде, төтенше оқиға орнына мамандар жіберілуде», - деді ол.