ШҰҒЫЛ: Астанада сот орындаушысы пара алу кезінде ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша ЭҚСЖКД қызметкерлері Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы С.Панбаевты пара алу кезінде ұстады. Бұл туралы департаменттің баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева хабарлады.
28 ақпан күні елордалық қаржы полицейлері «Керуен» сауда орталығында пара алу кезінде сот орындаушысы С.Панбаевтың үстінен түсті. Ол С.есімді азаматшадан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпауы және оған қатысты өндірісті тоқтатуы үшін 100 мың теңге пара алған.
«Қаржы полицейлері істі аталған азаматты ұстаған уақыттан бастап жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс тәртібімен қозғап, 15 сағат ішінде жапты. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындап, қазір іс сотқа жолданды», - деді баспасөз хатшысы.
Бұған дейін «ҚазАқпарат» елордадағы «Керуен» сауда орталығына келушілер парақор қылмыскерді ұстау операциясына куә болғаны туралы хабарлаған болатын. Алайда, нақты кімнің және пара көлеміне қатысты мәлімет айтылмаған-ды.