ШҰҒЫЛ: Астанадағы «Береке» ТК-дегі өртті сөндіру барысында 150 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді - ҚР ТЖИ

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада 2 қабатты жатақхана ғимараты өртеніп, оның жанында салынып жатқан «Береке» ТК-нің 1 қабатынан 9 қабатына дейінгі терезе және балкон жақтауларына көшті (зақым келген пәтерлердің саны -  41), деп хабарлады ҚР ТЖМ.

ШҰҒЫЛ: Астанадағы «Береке» ТК-дегі өртті сөндіру барысында 150 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді - ҚР ТЖИ

Өрт 3 сағаттан кейін сөндірілді.

 Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 127 адамы мен 33 техникасы және ҚР ТЖМ шұғыл құтқару жасағының 8 адамы мен 2 техникасы және ҚР ТЖМ  «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

 Жалын 800 шаршы метрді шарпып өтті. Өртті сөндіру барысында 150 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.