ШҰҒЫЛ: Астанадағы мектептің құрылысында жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №188 көшеде салынып жатқан мектепте құрылыс жұмыстары кезінде бір жұмысшы 3-ші қабаттан құлап, оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Қаза тапқан 1988 жылы туған М.Айжанов есімді азамат «Орал Құрылыс Монтаж» ЖШС-нде жұмыс істеген.

Сондай-ақ кеше елордадағы тағы бір құрылыс нысанында төтенше жағдай орын алды. Атап айтқанда, Жеңіс даңғылы бойында салынып жатқан жаңа нысандардың бірінде 2 қабаттан тағы бір жұмысшы құлап кетті. «Алатау ГС» ЖШС-нің жұмыскері 1994 жылғы Н.Өксікбаев дереу ауруханаға жеткізізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум