ШҰҒЫЛ: Астанадағы «Шанхай» дәмханасындағы оқиғадан соң прокуратураның екі қызметкері жұмыстан шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні Астана қаласындағы «Шанхай» дәмханасының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында орын алған кикілжіңнен соң, прокуратура органдарының екі қызметкері жұмыстан шығарылып, олардың басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Қызметтік тексерістің қорытындысына сәйкес, Прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғандығы және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Астана қаласының «Есіл» ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылды және прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды. Ал Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасы бастығының ағымдағы жылдың 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Бас прокуратураның баспасөз қызметі өз бағыныштыларына тиісті бақылау жасамауы салдарынан сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасауына әкеліп соқтырғаны үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен ҚСжАЕК Аймақтық басқармасының бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алғанын мәлім етті.

Бұған қоса, қол астындағы қызметкерлерінің Прокуратура органдары қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз етпегені үшін Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Біржан Мәжреновке сөгіс жарияланғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар