ШҰҒЫЛ: Астананың Оңтүстік-Шығыс шағынауданында өрт кезінде үш сәби көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 17.02-де Астананың Оңтүстік-Шығыс шағынауданында, жекеменшік тұрғын үйде төбе жабындысы және бөлмеаралық қалқа өртенді.
None
None

Өрт 47 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрттің салдарынан үш сәби - екі жасар қыз бала, бір жасар ұл бала мен жаңадан туған сәби оқиға орнында көз жұмды. 4 жасар қыз иіс тиіп улану белгісімен және орташа ауырлықтағы күйік шалумен ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы қанағаттанарлық.

Соңғы жаңалықтар