16:20, 07 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында Теңізде жатақхана ғимараты түгелдей жанып кетті
АТЫРАУ. 7 қазан ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысында «Теңіз» кенішіне жақын жердегі вахталық кентте жұмысшылар жатақханасы өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

ТЖ бойынша департаменттің жедел кезекшісі Азамат Иманғалиевтің айтуынша, өрт таңғы сағат 8-ден кейін, жатақханада ешкім жоқ кезде басталған. Жалын сағат 11-де сөндірілді. Жатақхананың иесі «Прайм логистик» ЖШС, оны «Денхоум жолдас» компаниясы жалға алған. Аумағы 1000 шаршы метрден астам қамыстан салынған құрастырмалы ғимарат түгелдей жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталуда.