ШҰҒЫЛ: Атыраулық лаңкестер Алматының орталығына жарылғыш зат орнатқан
АТЫРАУ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лаңкестік қызметтері үшін ұзақ мерзімді қамауға алыну жазасына кесілген Атырау қаласының бес тұрғыны жарылғыш затты Алматы орталығында іске қосуды жоспарлап қана қоймай, оны сонда орнатқан,
деп хабарлайды аймақтық «Ақ Жайық» газеті айыптау қорытындыларын баяндай келе.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда қызмет етіп жүрген лаңкестік топ туралы 2011 жылдың 31 қазанында, облыстық әкімдік және прокуратураның жанында аралығы бірнеше минут болған жарылыстардан кейін белгілі болды. Оқиға орнында қала тұрғыны Бауыржан Сұлтанғалиев қаза тапты. Көп ұзамай оның бес сыбайласы ұсталып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Тергеу барысында анықталғандай, Атырауда лаңкестік әрекеттерді жасауға дейін қылмыстық топ Алматыға барып, онда жарылғыш затты іске қосуды жоспарлаған.
«3 қазан күні таңғы сағат 5:30-да Сұлтанғалиев пен Сәгенов жарылғыш затты жоспарлаған орынға әкеліп, оны ҚР Ұлттық банкінің Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау комитеті ғимаратының бұрышында өсіп жатқан шырша ағашының түбіне, яғни ҚР СІМ-нің консульдық қызметі ғимаратына жақын жерге қойып кеткен. Одан кейін жалға алынған пәтерлеріне оралған. Шамамен таңғы сағат 9-да Сұлтанғалиев ҚР СІМ-нің консульдық қызметі ғимаратының қасына келіп, жарғыш тетікті іске қоспақшы болған. Алайда құрал жұмыс істемей қалды», - деп баяндалады тергеу материалдарында.
«Жарылғыш механизмін неге іске қоса алмағанын лаңкестердің өздері тергеу барысында ғана білді. Ол сол күні, яғни 2011 жылдың 3 қазанында шамамен таңғы сағат 6:30-да Ұлттық банкінің сыпырушысы аумақты жинау кезінде жарылғыш затты кездейсоқ анықтап, оны ҚР СІМ-нің консульдық қызметі ғимаратының артында, анықталған жерінен 70 метр қашықтықта орналасқан қоқыс контейнеріне лақтырып жіберді. Сыпырушының куәгерлік түсініктемелерінше, шырша астында ішінде сары түсті көбікті сұйықтық құйылған бес литрлік пластик ыдысы жатқан жол дорбасы жатқан. Бөтелкеден бірнеше сым шығып тұрды. Бұл кезде белгілі бір байланыстар істен шығып, Алматыдағы жұртшылық көп жүретін бұл орындағы жарылыстың болмауы содан да болар.
Бұрын хабарланғандай, 2012 жылдың 2 сәуірінде Атыраудағы № 2 қалалық сотының өкімімен лаңкестік тобының барлық қатысушылары 6 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.