ШҰҒЫЛ: Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

АСТАНА.  6 тамыз. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни өз қызметінен кететін болды. Бұл туралы бас бапкер kaztrk.kz-ке берген сұхбатында айтты.
None
None

«Менің кеткенім дұрыс болады. Мен бес Олимпиада, 15 әлем чемпионатында болдым. Жастарға жол беретін уақыт келді», - деді ол.

Алексей Нидің айтуынша, Қазақстанда ауыр атлетика бапкерлерінің мықты мектебі қалыптасты. Ал Илья Ильин туралы сұраққа жауап берген Алексей Ни, қазақстандық ауыр атлет келесі Олимпиада ойындарында да алтын жүлде алатынына сенім білдірді. «Қазір ол 24-те, екі Олимпиаданы жеңді. 28-ге келгенде үшіншісін ұтады. 28 жаста оның дарыны толық ашылады деп ойлаймын», - деді Ни.

Соңғы жаңалықтар