ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.
None
None

Екатеринбург қаласында "Барыс" пен "Автомобилист" арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.

Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында "Барыс" хоккейшiлерi "Ақ Барс" пен "Сiбiр" арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп - 2:2.

Соңғы жаңалықтар