ШҰҒЫЛ: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМА-04М» кемесі ұшырылды

АСТАНА-БАЙҚОҢЫР. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:01-де «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы №1 ұшыру кешенінің алаңынан
None
None

«Союз ТМА-04М» ұшырылатын транспорттық  кемесі (ҰТК) бар (командирі Геннадий Падалка (Роскосмос), бортинженерлері - Сергей Ревин (Роскосмос), Джозеф Акаба (НАСА)) ғарыштық бағыттағы «Союз-ФГ» зымыраны ұшырылды, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Ұшырылудан 528 секунд өткеннен кейін «Союз ТМА-04М» ҰТК Жердің жасанды серігінің орбитасында зымыран тасымалдағыштың үшінші сатысынан штаттық режімде ажырады.

«Союз ТМА-04М» ҰТК-ның Халықаралық ғарыш стансысымен түйісуі ағымдағы жылдың 17 мамырында мәскеу уақыты бойынша сағат 8:38-де жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар