ШҰҒЫЛ: «Бірінші арна» В.Путинге жасалмақ болған қастандықтың алды алынғанын мәлім етті

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Ресей және Украинаның арнайы қызметтері Ресей Үкіметінің басшысы Владимир Путинге жасалмақ болған қастандықтың алдын алды. Бұл туралы аталған ведомстволарға сілтеме жасай отырып, «Бірінші арна» хабарлады.
None
None

Қылмыскерлер президент сайлауынан кейін Мәскеуде бірнеше жарылыс жасауға әзірленгені мәлімделді. Жарылғыш зат Ресейдің астанасына жеткізіліп, Кутузов даңғылының аумағына жасырылып қойған, деп хабарланды РБК-дан. Ұсталған Адам Осмаев, лаңкестік әрекетке әзірлік аяқталуға жақын болғанын және үкіметтің кортежін жару жоспарланғанын мәлім етті. Хабарланғандай, террористерге нұсқаулықтар шешендік экстремистердің басшысы Доку Умаровтан түскен.

«Бірінші арнаның» мәліметіне қарағанда, астыртын әрекетті Одессадағы жарылыстан кейін әшкерелеу мүмкін болды. Мұнда бастапқыда тұрмыстық газ жарылды деген болжам жасалғанымен, кейін украиндық бұл үйде қастандыққа әзірлік жүргізілгені анықталды. 

РБК бұл ақпарат бойынша құқық қорғау органдарынан ешбір түсініктеме ала алмады.

Соңғы жаңалықтар