ШҰҒЫЛ: БҚГУ-дің 30-дан астам студенті жатақханада белгісіз газға уланып қалды, 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Оралда 6 қараша күні, түнгі сағат 01.18-де М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің 5 қабатты жатақханасында тұратын 31 студент
белгісіз газды затпен уланғандығын айтып, медициналық көмекке жүгінді.
Олардың арасында 10 адам - 18 және 17 жастағы бойжеткендер ауруханаға жеткізілді. Төтенше орын алған жерге Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің 18 адамы мен 4 техникасы шықты. Құтқарушылар келгенге дейін жатақхананың қызметкерлері 400 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олар бөлменің ауасын желдетіп, тазартқаннан кейін тұрғын жайларына қайта оралды.